
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Тағыл ауылдық округінің әкімі Жұбанова Г. А. Ермаковка ауылының тұрғындарымен жиын өткізді.
Кездесу барысында ауылды абаттандыру және аумақты санитарлық тазарту, сондай-ақ халық арасында алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері қаралды. Тұрғындарға қауіпсіздіктің негізгі шаралары және елді мекен аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау қажеттілігі түсіндірілді.







