Қазақстан Орталық Азияға арналған Жасыл климат қорының өңірлік жобасын әзірлеуге қатысуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазақстан Орталық Азияға арналған Жасыл климат қорының өңірлік жобасын әзірлеуге қатысуда

    Сеулде өткен Корея – Орталық Азия министрлік форумы аясында Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Жасыл климат қорының (GCF) Орталық Азияға арналған өңірлік жобасын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысына қатысты. AFoCO бастамасымен әзірленіп жатқан жоба ормандар мен ландшафттарды қалпына келтіруге, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруға, орман өсіру мен орман көміртегі жобаларын дамытуға және халықаралық климаттық қаржыландыруды тартуға бағытталған. Кездесуде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері ұлттық басымдықтарды, ықтимал жобаларды және бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан үшін бұл бастама орман экожүйелерін қалпына келтіруге, заманауи технологияларды енгізуге және Орталық Азия елдері арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары