VIII «NEW SILK WAY» БИЗНЕС-ФОРУМЫ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

    VIII «NEW SILK WAY» БИЗНЕС-ФОРУМЫ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

    2026 жылғы 15-16 қазанда Астана қаласында Қазақстанның Көлік апталығы аясында, XXIX «TransLogistica Kazakhstan 2026» халықаралық көрмесімен қатар, VIII «NEW SILK WAY» бизнес-форумы өтеді.

    Форум мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, көлік-логистика саласындағы бизнестің және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдерін біріктіреді.

    Форумның іскерлік бағдарламасы ЕАЭО, ЭЫҰ және ТМД шеңберінде көлік министрлері мен бейінді органдар басшыларының кездесулері мен отырыстарын, сондай-ақ негізгі халықаралық көлік дәліздерін, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ), Трансауған көлік дәлізін және « Солтүстік – Оңтүстік» ХКД дамытуға арналған іс-шараларды қамтиды.

    Форумның негізгі іс-шарасы «Цифрлық Жібек жолы: жасанды интеллект және логистиканың цифрлық технологиялары» тақырыбындағы стратегиялық сессия болады.

    Мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес өкілдері мен сарапшыларды Форумның іскерлік бағдарламасына белсенді қатысуға шақырамыз.

    Тіркелу үшін сілтеме: https://newsilkwayforumkz.com/

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары