Қазақстан мен Оңтүстік Корея қалалық әуе мобильділігі (UAM) және ұшқышсыз авиацияны дамыту жөніндегі келісімдерге қол қойды

    Қазақстан мен Оңтүстік Корея қалалық әуе мобильділігі (UAM) және ұшқышсыз авиацияны дамыту жөніндегі келісімдерге қол қойды

    Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанда қалалық әуе мобильділігі (UAM), ұшқышсыз авиация және төмен биіктіктегі әуе кеңістігін цифрлық басқару технологияларын дамыту бойынша жаңа уағдаластықтарға қол жеткізілді.

    Көлік саласынцифрландырубағытындағы негізгі құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Корея Республикасының Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі (MOLIT) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды.

    Құжатқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министріЖасланМәдиев, Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев және MOLIT министрі КимЮнДок қол қойды.

    Меморандум технологиялартрансферінжүзеге асыруға, ұшқышсыз авиациялық жүйелердің қозғалысын басқару жүйесін (UTM) әзірлеуге және енгізуге бағытталған. Сондай-ақ құжат UTM саласында толыққанды үкіметаралық келісім дайындау мүмкіндігін қарастырады.

    Жобаны практикалық іске асыру бойынша уәкілетті серіктестер ретінде Корея Республикасының мемлекеттікKorea AirportsCorporation(KAC) корпорациясы және қазақстандықAlatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясы айқындалды.

    Ынтымақтастық төмен биіктіктегі әуе кеңістігін басқаруға арналған заманауи цифрлық технологиялар мен шешімдерді Қазақстанға беру және жергілікті жағдайға бейімдеуді, сондай-ақ ұшқышсыз авиациялық жүйелерді,eVTOLәуе кемелерін және әуе көлігінің басқа да түрлерін Қазақстанның бірыңғай цифрлық экожүйесіне қауіпсіз интеграциялауға қажетті технологиялық негіз қалыптастыруды көздейді.

    Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында Қазақстанда UTM жүйесін жергілікті деңгейде енгізу үшін қажетті технологиялар мен цифрлық шешімдерді беру жоспарлануда. Бұл технологиялық тәуелсіздікті қамтамасызетуге, жүйені жергілікті деңгейде басқаруға және деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес өңдеуге мүмкіндік береді.

    Жаңа технологияларды қауіпсіз енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жобаға қатысушылар үшін эксперименттік құқықтық режимді және мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын қолдану мүмкіндігін қарастырады.

    Жобаны іске асыру барысында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) қолданыстағы халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік,киберқауіпсіздікжәне аса маңызды инфрақұрылымды қорғау саласындағы талаптары ескерілетін болады.

    KAC пен AAAG ынтымақтастығыҚазақстанда қалалық әуе мобильділігі экожүйесін қалыптастыру жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама әуе қозғалысын цифрлық басқару жүйесін,eVTOLәуе кемелеріне арналған инфрақұрылымды,вертипорттардыжәне ұшқышсыз логистикаға арналған шешімдерді дамытуды қамтиды.

    Alatau CityҚазақстанда UTM-нің озық шешімдерін практикалық енгізу және заманауи әуе мобильділігі экожүйесін қалыптастыру бойынша алғашқы алаң болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары