«Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық: қалай жоюға болады?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары.

    «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық: қалай жоюға болады?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары.

    Бастаушы ауылдық клуб үйінде кітапханашы Ж. Маулханованың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының қатысуымен «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық: қалай жоюға болады?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары өтті.

    Кездесу барысында тұрғындарға күнделікті өмірде кездесетін тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың түрлері, сондай-ақ пара беру немесе пара алу жағдайларына тап болған кезде азаматтардың ұстанатын құқықтық әрекеттері мен балама шешімдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

    Жиын барысында қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермей, мемлекеттік қызметтерді заң аясында алу жолдары атап өтілді. Сондай-ақ тұрғындарға осындай келеңсіз жағдайларға тап болған жағдайда дереу әрекет етіп, 1424 бірыңғай сенім телефонына хабарласу қажеттігі ескертілді.

    Мұндай іс-шаралар ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Бастаушы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары