Қар барысының ізімен — 22 жыл

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қар барысының ізімен — 22 жыл

    Қар барысын табиғатта көру — сирек сәт. Ал оның ізін жылдар бойы зерттеп, әр дараны қайталанбас дақ өрнегі арқылы танып, тіршілігін бақылау — үлкен төзім мен кәсіби шеберлікті талап ететін еңбек. Осындай мамандардың бірі — Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығының орманшысы Жомарт Аманбаев. Аршаты ауылында туып-өскен Жомарт Алматыда жоғары білім алған соң туған жеріне оралып, 2004 жылдан бері ұлттық паркте еңбек етіп келеді. 2014 жылы ол орнатқан фототұзақ Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысының мекендейтінін алғаш рет фотодерекпен растады. Осы сәттен бастап Жомарт сирек жыртқышты жүйелі бақылап, жыл сайын жаңа деректер жинап келеді. Фототұзаққа түскен барыстарды ерекше дақ өрнектері арқылы ажыратып, олардың қозғалысы мен мекендеу аумағын зерттейді. Ал аталық пен аналықтың үш аланымен бірге тіркелуі — көпжылдық бақылаудың ең құнды нәтижелерінің бірі. 22 жыл — бір адамның туған жер табиғатына арнаған ғұмырының үлкен бөлігі. Жомарт Аманбаевтың еңбегі — сирек жануарды зерттеу ғана емес, Қазақстанның бірегей табиғи мұрасын келер ұрпаққа сақтап қалуға қосылған маңызды үлес.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары