Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күніне орай өткен Конгресте сала мамандары марапатталды

    Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күніне орай өткен Конгресте сала мамандары марапатталды

    Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күніне орай ұйымдастырылған Конгресс аясында кәсібилігі, адал еңбегі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін сала мамандарын марапаттау рәсімі өтті.

    Марапатталғандардың қатарында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің 350-ден астам маманы бар. Оның ішінде 179 маман ведомстволық наградалармен, 177 маман Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің грамоталарымен марапатталды.

    Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің 4 маманына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғыс хаттары табысталды.

    Марапаттау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін күн сайын қамтамасыз етіп, инфекциялық аурулардың алдын алуға қатысатын және азаматтардың денсаулығын қорғауда аянбай қызмет етіп жүрген мамандардың кәсіби еңбегіне берілген жоғары бағаның көрінісі болды.

    Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні – саладағы барлық мамандарға жауапты еңбегі, кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдіруге мүмкіндік беретін маңызды күн.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары