АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР АРАСЫНДА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТТІ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР АРАСЫНДА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТТІ

    Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
    Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Патрульдеу барысында жолдың белгіленбеген жерлерінен өту фактілерінің жолы кесіледі. Мұндай құқық бұзушылықтар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.
    Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілерді өз өмірлеріне қауіп төндірмей, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуге, жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
    Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне байланысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары