
Талғар ауданында есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға полиция қызметкерлері, Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері және еріктілер қатысты.
Шара барысында есірткі құралдарын сататын интернет-дүкендерді жарнамалайтын сайттар мен заңсыз жазулар анықталып, оларды өшіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің заңсыз айналымының қауіптілігі және оның алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.
Полиция есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Мұндай шаралар есірткінің заңсыз жарнамасын тоқтатуға, жастар арасында есірткіге қатысты теріс көзқарас қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Полиция азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген ақпаратты жасырмай, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.








