
Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н. Р. Қордабай комиссия ұжымы атынан Мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор-мемлекеттік аудиторы Абуов Қайрат Нартайұлын мерейлі 60 жасымен құттықтады.

Қайрат Нартайұлы қаржы саласында 38 жылға жуық уақыт бойы абыройлы еңбек етіп, осы салада мол тәжірибе жинақтаған білікті маман ретінде қалыптасты. Кәсіби қызметін экономист лауазымынан бастаған ол еңбек жолында бас есепші, бас маман, бөлім меңгерушісі және бас инспектор-мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарды. Көп жылғы еңбегі барысында өзінің кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен ерекшеленіп, ұжым жұмысына белсене араласып, мемлекеттік аудит саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Құттықтау барысында Нұрғали Рахымшаұлы мерейтой иесіне зор денсаулық, жанұясына тыныштық пен амандық, шаңырағына бақ-береке, еңбегіне толағай табыс тілеп, алдағы уақытта да кәсіби қызметінде жаңа жетістіктерге жетуін тіледі.