Ғасырдан жеткен кадрлар: Ақсу-Жабағылы тарихы архив беттерінде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ғасырдан жеткен кадрлар: Ақсу-Жабағылы тарихы архив беттерінде

    Биыл Қазақстандағы тұңғыш қорық — Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының құрылғанына 100 жыл. 1926 жылғы 14 шілдеде құрылған қорықтың алғашқы аумағы 30 540 гектарды құраған. Бүгінде оның жалпы аумағы 131 934,3 гектарға жетті. Бұл архивтік суреттерде қорық тарихының әр кезеңі сақталған. Таудағы экспедициялар, ат үстіндегі сапарлар, алғашқы қызметкерлер мен зерттеушілер, сол кездегі жұмыс жағдайы — мұның бәрі бүгінгі Ақсу-Жабағылының қалыптасу жолының бір бөлігі. Қорықтың негізі қаланғаннан бері мұнда табиғи кешендерді қорғаумен қатар, ғылыми зерттеулер жүргізіліп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу жұмыстары жүйелі түрде дамыды. Бір ғасыр ішінде қызметкерлердің бірнеше буыны осы табиғи мұраны сақтауға өз үлесін қосты. 100 жыл өтті. Архивтегі кадрлар ескіргенімен, сол буын бастаған іс бүгінге жалғасып келеді. Ақсу-Жабағылы — 100 жылдық жол. 1926–2026

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары