
Жазғы «Aspan FEST» фестивалінің жабылу салтанатында Алматы облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы облысы бойынша есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңеспен бірлесіп антинаркотикалық акция өткізді.
Бұл жолы іс-шара қатысушыларына есірткінің зияны мен оны қолданудың салдары туралы полиция қызметкерлері емес, қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары айтып берді.
Өнер иелері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден бас тартуға және денсаулық пен қауіпсіз болашақ жолында дұрыс таңдау жасауға шақырды.
Іс-шараға Алматы облысының 4 мыңнан астам тұрғыны және басқа қалалардан келген қонақтар қатысты.
Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өңірде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жалғасуда.








