🔷Ресей Федерациясынан 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізуге жол берілмеді

    🔷Ресей Федерациясынан 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізуге жол берілмеді

    📍Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына ветеринариялық құжаттарсыз 252 мың дана тауық жұмыртқасын кіргізудің жолы кесілді.

    «Жайсан» ветеринариялық бақылау бекетінде ҚР АШМ ВБҚК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына бағыт алған көлік құралын бақылау барысында тасымалданатын жүкке қажетті ветеринариялық құжаттардың жоқ екенін анықтады.

    Аталған құқық бұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылып, жұмыртқа Ресейге кері қайтарылды.

    Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу қағидалары түсіндірілді.

    Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бақылаудағы өнімдердің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін қатаң бақылауды және тиісті ветеринариялық құжаттарсыз өнімдердің әкелінуіне жол бермеуге қатысты шараларды күшейтуді жалғастыратын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті" жаңалықтары