
14-16 қыркүйек аралығында Павлодар облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған республикалық «Назар – жаяу жүргіншіге» акциясы өткізіледі, – деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.
Акция аясында полиция қызметкерлері жолдың белгіленбеген жерлерінен өту, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамастан жолды кесіп өту, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермейтін жүргізушілер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және жолдардағы қайғылы жағдайлардың алдын алу.








