Жамбылда «вагон әпереміз» деп 22 млн тенгеге жуық ақша иемденген алаяқтар ұсталды

    Жамбылда «вагон әпереміз» деп 22 млн тенгеге жуық ақша иемденген алаяқтар ұсталды

    Жамбыл облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және тергеу бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті Алматы қаласының аумағынан ұсталды.

    Тергеу барысында күдіктілердің логистикалық компания қызметкерлері ретінде танысып, теміржол вагондарын ұсыну сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кіргені анықталды. Осылайша олар оның жалпы сомасы 21 млн 883 мың тенге қаржысын иемденген.

    Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Күдіктілер сот санкциясымен қамаққа алынды.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары