
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты, учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 14 қыркүйектен 2 қазанына дейін аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) аудандық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы,мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 14 қыркүйектен 2 қазанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға З.Касымкулова. Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов к-сі 62, Әйтеке би аудандық мәслихаты, байланыс телефондар: 8-713-39-21-7-15, 8-777-751-28-03 e-mail: [email protected]
Учаскеліксайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орындар саны |
№126 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Сұлұкөл ауылы |
1 |
№127 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Теренсай ауылы |
1 |
№128 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Әйке ауылы |
1 |
№130 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Толыбай ауылы |
1 |
№132 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Байжанкөл ауылы |
1 |
№133 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Аққұм ауылы |
1 |
№142 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Талдысай ауылы |
1 |
№147 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Қарабұтақ ауылы |
1 |
№148 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Жаруткел ауылы |
1 |
№155 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Ұлғайсын ауылы |
1 |
№156 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Талдық ауылы |
1 |
Барлығы |
11 | |




