Заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар бойынша құқықтық семинар өткізілді

    Заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар бойынша құқықтық семинар өткізілді

    2026 жылғы 9 қыркүйекте Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарларына сәйкес Басқарма мамандары арасында құқықтық семинар өткізілді. Семинар барысында мамандарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді. Қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексінің негізгі талаптары жан-жақты түсіндірілді. Семинар қорытындысы бойынша мамандарға заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттарын қатаң сақтау, сондай-ақ лауазымдық міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау бойынша ұсынымдар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары