«Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптары» тақырыбында семинар өткізілді»

    «Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптары» тақырыбында семинар өткізілді»

    Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы 3 қыркүйектегі №23-31-27-1-17/245 бұйрығына сәйкес Қазақстан халқы тілдері күніне орай Басқарма мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігі, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілінің ресми түрде қолданылатындығы түсіндірілді. Мемлекеттің біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қамқорлық көрсететіні атап өтілді. Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатыны және Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екендігі жеткізілді.
    Басқарма мамандарына «5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні. А. Байтұрсынұлының аманаты» атты бейнематериал көрсетілді.
    Семинар соңында Қазақстан Республикасының тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Басқарманың 2024–2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын іске асыру және жоғары тұрған орган – Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тапсырмасын орындау мақсатында Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін 2026 жылғы 18 маусымда «QAZTEST» жүйесі бойынша өткізілген тестілеу қорытындылары талқыланып, нәтижелері мамандардың назарына жеткізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары