Тараз қаласындағы М. Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт сөндіру бөлімінің құтқарушыларымен бірлесіп, «Тараз» футбол клубының жас футболшылары үшін танымдық экскурсия өткізді. Іс-шара барысында балалар өрт сөндіруші-құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын өрт сөндіру-құтқару техникасы мен арнайы жабдықтарды көрді. Құтқарушылар жас спортшыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт болған кездегі іс-әрекеттер және күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді. Балалар арнайы техника мен жабдықтардың көрсетіліміне ерекше қызығушылық танытып, құтқарушы мамандығы туралы көптеген мағлұмат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мұндай кездесулер балаларға құтқарушылар еңбегінің маңыздылығын түсінуге, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын жас ұрпақ арасында насихаттауға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД