
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының жедел-криминалистика бөлімінің қызметкерлері күн сайын қылмыстарды ашуға және тергеу әрекеттерін сапалы жүргізуге өз үлестерін қосып келеді.
Жедел-криминалистика бөлімінің қызметі – жоғары кәсіби шеберлікті, мұқияттылықты және жауапкершілікті талап ететін маңызды бағыттардың бірі.
Криминалистің басты міндеті – қылмыстың әрбір ізін дәл анықтап, оны шынайы дәлелге айналдыру.








