Қызылға болмайды: полицейлер бірінші сынып оқушыларына қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

    Қызылға болмайды: полицейлер бірінші сынып оқушыларына қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

    Бүгін Шарбақты ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірінші сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Ювеналды полиция қызметкерлері жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың маңызды ережелері туралы айтып берді. Балалармен бірге жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын қайталап, жолды қалай дұрыс кесіп өту керектігін көрнекі түрде көрсетті. Сондай-ақ оқушыларға жолдан өтпес бұрын құлаққаптарын шешіп, аса мұқият болу қажеттігін еске салды.
    – Біз, полицейлер үшін балалардың қауіпсіздігі – бәрінен жоғары. Оқу жылының басталуымен білім беру ұйымдарының маңындағы патрульдеу күшейтіледі. Мұның барлығы балаларды жол-көлік оқиғаларынан ғана емес, басқа да келеңсіз жағдайлардан қорғау мақсатында жасалады. Ювеналды полиция қызметкерлері де кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында аянбай еңбек етуде.
    Бүгін алған білімдері біздің бірінші сынып оқушыларына әрдайым мұқият болып, жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға көмектессін, – деді ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Владимир Скрипко.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары