Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, егін алқаптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, егін жинау техникасын пайдалану кезінде сақтық шараларын орындау және алқаптарда ашық отты қолдануға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, өрттің алдын алу және төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету бойынша ұсынымдар берілді.
Жамбыл облысы ТЖД