Қарағаш ауылдық округіне қарасты Нұрбұлақ ауылында тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында жолдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, ауыл ішіндегі бірқатар жолдар арнайы техника көмегімен тегістеліп, көлік қатынасына қолайлы жағдай жасалды. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының күнделікті қатынасын жеңілдетіп, жолдардың жағдайын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар, тұрғындардың сұранысы мен ұсыныстары ескеріліп, Бауырластар–Нұрбұлақ бағытындағы жол да тегістелді.
Ауыл тұрғындарының өтініш-тілектерін назарға алып, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту және елді мекендердің абаттандырылуын қамтамасыз ету – басты назардағы бағыттардың бірі.








