3 қыркүйек – қазақы тазы мен төбет күні

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    3 қыркүйек – қазақы тазы мен төбет күні

    Дәл осы күні, 2024 жылғы 3 қыркүйекте, Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын алдын ала танып, №372 халықаралық стандартын бекітті. Қазақстан тұқымның шыққан елі ретінде танылды. Ғасырлар бойы Ұлы даламен бірге жасасқан тазы бүгінде әлемдік көрмелерде Қазақстанды танытып жүр. Қазір Бірыңғай асыл тұқымдық кітапта 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Алда үлкен жұмыс бар. Тазының генетикалық қорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, ұлттық тұқымды келесі ұрпаққа жеткізу – басты міндет. Қазақ тазысы – Ұлы даладан жеткен асыл мұра.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары