
Қайта жаңғыртудан кейін еліміздің бес өңірінде теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Атырау облысында – Мақат, Сағыз және Доссор станциялары, Алматы облысында – Шамалған және Қазыбек бек станциялары, Қарағанды облысында – Дария және Мырза станциялары, Қызылорда облысында – Сексеуіл станциясы және Қостанай облысында – Железорудная станциясы.
Нысандарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында іске асырылды.









