Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін жөндеу жұмыстарымен танысып, жылу беру маусымына дайындық барысын тексерді.
Алдымен аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі В. Счастнов, Жанқожа батыр және Желтоқсан көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаішілік кәріз желілерін жөндеу жұмыстарын көрді. Жоба аясында 24 кәріздік бақылау құдығы мен 358 метр кәріз желісін тазартылуда. Жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Қамбар» ЖК жүзеге асыруда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйлердің санитариялық жағдайын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және аулаішілік кәріз жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету көзделуде.






