Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 ақпан 2024 ж.

    Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5082-06 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

    мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:

    «5-1. Мереке күніне әлеуметтік көмек бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

    15 ақпан 2024 жылы – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне 35 жыл толу мерекесіне:

    1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

    2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

    3) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

    4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Мәслихат төрағасы

    К. Мажиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.