Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 39-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 ақпан 2024 ж.

    Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 39-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 39-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5085-06 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

    мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:

    «5-1. Мереке күніне әлеуметтік көмек бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі :

    15 ақпан 2024 жылы - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне 35 жыл толу мерекесіне :

    1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге – 150 000 ( жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

    2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілерге – 150 000 ( жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

    3) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

    4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге - 150 000( жүз елу мың) теңге мөлшерінде.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

    Индер аудандық мәслихат төрағасы

    А. Рамазанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.