Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 ақпан 2024 ж.

    Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18, 139 - баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. «Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жектекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мұғалжар ауданының әкімі

    Д. Ермаганбетов

    КЕЛІСІЛДІ:

    Мұғалжар аудандық мәслихаты

    Мұғалжар ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 2 ақпандағы

    № 24 қаулысына қосымша

    Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

    Ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
    Әлеуметтік қамсыздандыру саласы
    1
    ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі жо­ға­ры, бі­рін­ші, екін­ші са­нат­та­ғы ма­ман­дар: қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар мен 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер
    2
    ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ма­ман­дар: қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар мен 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер
    3
    ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі ор­та­ша дең­гей­де­гі бі­рін­ші, екін­ші са­нат­та­ғы ма­ман­дар: қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар мен 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер
    4
    ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі ор­та­ша дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ма­ман­дар: қарт­тар мен мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер, пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар мен 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға кү­тім жа­сау жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер
    Мәдениет саласы
    1
    Аудан­дық ма­ңы­зы бар ММ және МҚК бас­шы­сы (ди­рек­то­ры)
    2
    ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі жо­ға­ры, бі­рін­ші, екін­ші са­нат­та­ғы ма­ман­дар: ак­ком­па­ни­а­тор, кі­та­п­ха­на­шы, мә­де­ни ұй­ым­да­сты­ру­шы (негіз­гі қыз­мет­тер), бар­лық ата­уда­ғы әді­сте­ме­ші (негіз­гі қыз­мет­тер), ұжым (үй­ір­ме) бас­шы­сы, му­зы­ка­лық же­тек­ші, ре­жис­сер, хор­мей­стер
    3
    ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ма­ман­дар: ак­ком­па­ни­а­тор, кі­та­п­ха­на­шы, ды­быс ре­жис­се­рі, мә­де­ни ұй­ым­да­сты­ру­шы (негіз­гі қыз­мет­тер), бар­лық ата­уда­ғы әді­сте­ме­ші (негіз­гі қыз­мет­тер), ұжым (үй­ір­ме) бас­шы­сы, му­зы­ка­лық же­тек­ші, ре­жис­сер, хор­мей­стер
    4
    ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі ор­та­ша дең­гей­де­гі жо­ға­ры, бі­рін­ші, екін­ші са­нат­та­ғы ма­ман­дар: ак­ком­па­ни­а­тор, кі­та­п­ха­на­шы, ды­быс ре­жис­се­рі, мә­де­ни ұй­ым­да­сты­ру­шы (негіз­гі қыз­мет­тер), бар­лық ата­уда­ғы әді­сте­ме­ші (негіз­гі қыз­мет­тер), ұжым (үй­ір­ме) бас­шы­сы, му­зы­ка­лық же­тек­ші, ре­жис­сер, хор­мей­стер
    5
    ММ және МҚК бі­лік­ті­лі­гі ор­та­ша дең­гей­де­гі са­на­ты жоқ ма­ман­дар: ак­ком­па­ни­а­тор, кі­та­п­ха­на­шы, ды­быс ре­жис­се­рі, мә­де­ни ұй­ым­да­сты­ру­шы (негіз­гі қыз­мет­тер), бар­лық ата­уда­ғы әді­сте­ме­ші (негіз­гі қыз­мет­тер), ұжым (үй­ір­ме) бас­шы­сы, му­зы­ка­лық же­тек­ші, ре­жис­сер, хор­мей­стер
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ММ – мемлекеттік мекеме;
    МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.