Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 7 ақпан 2024 ж.
Тұщықұдық ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 1 ақпандағы қорытындысы негізінде және Тұщықұдық ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округі Тұщықұдық ауылының атауы жоқ № 2 көшесіне Ғибатолла Меңкешов көшесі атауы берілсін:
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
А. Бекішұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.