Көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы №2572-XII Заңы 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Келінтөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының келесі көшелеріне:
1) Келінтөбе ауылының батыс бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге «Жұмахан Арынғазиев» есімі;
2) Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының шығысында орналасқан атауы жоқ көшеге «Әбусейіт Қалдыбеков» есімі;
3) Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының оңтүстік-батысында орналасқан атауы жоқ көшеге «Қалдан Байтасов» есімі;
4) Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге «Махамбет Нұржігітов» есімі;
5) Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылының солтүстік бөлігінде Ш.Дүйсебеков көшесінің қиылысыда орналасқан атауы жоқ көшеге «Тлепов Оразалы» есімі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келінтөбе ауылдық округінің әкімі
А. Досжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.