Талап селосындағы Микрорайон-Мәңгілік Ел көшесі, Центральная көшесін-Тәуелсіздік көшесі, Мичурин көшесін-Бұланты көшесі, Молодежная көшесін-Жібек жолы көшесі деп қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 ақпан 2025 ж.

    Талап селосындағы Микрорайон-Мәңгілік Ел көшесі, Центральная көшесін -Тәуелсіздік көшесі, Мичурин көшесін -Бұланты көшесі, Молодежная көшесін-Жібек жолы көшесі деп қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 болып тіркелген) сәйкес, Талап селосыхалқыныңпікірін ескере отырып, Ұлытау облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 12 қаңтардағы қорытындысы негізінде Талап селосының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Талап селосындағы

    Микрорайон - Мәңгілік Ел көшесі,

    Центральная көшесін - Тәуелсіздік көшесі,

    Мичурин көшесін - Бұланты көшесі

    Молодежная көшесін - Жібек жолы көшесі деп қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

    Әкім

    К.М.Бапанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.