Көшеге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 қаңтар 2024 ж.

    Көшеге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Байкенже ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Байкенже ауылдық округі Байкенже ауылындағы атауы жоқ көшеге соғыс және еңбек ардагері Пірәлі Өткелбайұлының есімі берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Байкенже ауылдық округінің әкімі

    Н. Оспанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.