«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 ақпан 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 89-14) тармақшамен толықтырылсын:

    «89-14) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.