«Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 қаңтар 2024 ж.

    «Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 476 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын жұмыс орындарының, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптардың, олардың жалақысын субсидиялау мөлшерлері мен мерзімдерінің тізбесінде:

    реттік нөмірі 1-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

    «кемінде 24 айлық есептік көрсеткіш»;

    реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

    «жұмыссыздар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;

    үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін – жалақының белгіленген мөлшерінің 70 %-ы, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен аспайды».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.