Карантин белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Карантин белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 25 қантар № 2-14-07/27 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Темір ауданы Ақсай ауылдық округі Шығырлы ауылында орналасқан «Бакос» шаруа қожалығы 1 бас ірі қара малдары арасынан пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шекету іс-шаралары белгіленсін.

    2. «Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ақсай ауылдық округінің әкімі

    Е. Бегимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.