Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қаңтар 2024 ж.

    Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай ауданы Мәслихатының төрағасы

    М. Нұрсұлтанұлы

    Абай аудандық мәслихатының

    2024 жылғы 29 қаңтардағы

    № 13/2-VIII шешіміне

    қосымша

    Абай ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға арналған тарифтер

    Атауы
    Есептік бірлік
    Теңге (қосылған құн салықсыз)
    1
    Жайлы және жайлы емес үйлер
    Айына 1 тұрғыннан
    88,6
    2
    Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
    1 м3
    1063,31

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.