Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қаңтар 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    "Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 17 , 69- баптарына, «Қазақстан Республикасынындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеммесінің 2023 жылдың 27 қаңтардағы №02-7/49 қатынас хаты негізінде ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сүттіқұдық ауылдық округі бойынша қосымшаға сай тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желісі) жүргізілетін 18 көшеге жалпы көлемі – 8,1452 гектар жер учаскесіне 2028 жылдың 26 қаңтарына дейін 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

    3. «Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі

    М. Абдуллаев

    Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің

    «30» қаңтар 20203 жылғы

    №3-Ш шешіміне қосымша

    Сүттіқұдық ауылдық округі бойынша тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желісі) жүргізілетін көшелер тізімі

    р/с
    Көшелер атауы
    Ұзындығы
    Көлемі
    1
    Д. Конаев
    1371 м
    0,5484
    2
    М. Жандарбеков
    938 м
    0,3752
    3
    Қ. Аманжолов
    1439 м
    0,5756
    4
    Б. Аралбаев
    760 м
    0,3040
    5
    Ы. Алтынсарин
    1484 м
    0,5936
    6
    А. Иманов
    1459 м
    0,5836
    7
    Ш. Ысқақұлы
    707 м
    0,2828
    8
    А. Кұнанбаев
    921 м
    0,3684
    9
    Т. Исламов
    893 м
    0,3572
    10
    А. Молдағұлова
    1235 м
    0,4940
    11
    Ш. Торғаев
    661 м
    0,2644
    12
    Ш. Торғаев -2
    933 м
    0,3732
    13
    О. Танатаров
    2188 м
    0,8752
    14
    М. Маметова
    330 м
    0,1320
    15
    С. Қожанов
    761 м
    0,3044
    16
    М. Макатаев
    1417 м
    0,5668
    17
    С. Сапарбеков
    1051 м
    0,4204
    18
    А. Бектібаев
    1815 м
    0,7260

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.