Аягөз аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қаңтар 2024 ж.

    Аягөз аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:  

    1. «Аягөз қаласы бойынша бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №8/69-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4870 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аягөз аудандық мәслихат төрағасы

    А. Ибрайшин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.