1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы
1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы 2021 жылғы 4 наурызда жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге
қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың
мәтіні ресми болып табылмайды.
ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан
тілдердегі ресми куәландырылған
көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын
тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР
Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар 1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысы тоқтатылды деп санайды.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекет басшылары кеңесі, Үкімет басшылары кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі рәсімі қағидаларының 7-қағидасының 9-тармағында белгіленген тәртіппен орыс тілінде жасалды.
|
Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін
Н. Мамедов
2019 жылғы 7 мамыр
|
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Д. Медведев
2019 жылғы 27 маусым
|
|
Армения Республикасының
Үкіметі үшін
М. Григорян
2019 жылғы 14 мамыр
|
Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін
К. Расулзода
2021 жылғы 4 наурыз
|
|
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
С. Румас
2019 жылғы 1 сәуір
|
Түрікменстан
Үкіметі үшін
|
|
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
А. Мамин
2020 жылғы 8 желтоқсан
|
Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін
|
|
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
М. Абылгазиев
2020 жылғы 22 қаңтар
|
Украина Үкіметі үшін
|
|
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
Беларус Республикасындағы
Молдова Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елшісі
В. Сорочан
2020 жылғы 28 шілде
|
Осымен қоса беріліп отырған 1999 жылғы 4 маусымдағы Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманың мәтіні Мемлекет басшылары кеңесі, Үкімет басшылары кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі рәсімі қағидаларының 7-қағидасының 9-тармағында белгіленген тәртіппен қол қойылған теңтүпнұсқа көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде сақталады.
|
ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары
Б.М. Жумаханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.