«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 желтоқсан 2024 ж.

    «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ) құрылсын.

    2. КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы Каспий теңізінің қазақстандық секторында Каспий теңізінің табиғи ресурстарын сақтау және олардың өсімін молайту тұрғысынан қоршаған ортаға мониторинг және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Каспий теңізі маңындағы мемлекеттердің ғылыми-зеттеу институттары мен ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту болып айқындалсын.

    3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзінің балансындағы республикалық мүлік есебінен КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

    2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

    3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

    4) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беруді;

    5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы 25 қаңтардағы

    № 36 қаулысына

    қосымша

    «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

    Р/с №
    Мү­лік­тің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Са­ны
    1
    2
    3
    4
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің ба­лан­сын­да­ғы мү­лік
    1
    Ақ­тау қа­ла­сы, 4 «А» ша­ғын ауда­ны, 19-ғи­ма­рат ме­кен­жайы бой­ын­ша, ауда­ны 0,7987 га, ка­дастр­лық нө­мі­рі 13:200:010:230 жер учас­ке­сін­де ор­на­лас­қан әкім­ші­лік ғи­ма­рат, жал­пы ауда­ны 1640,5 ш.м, ка­дастр­лық нө­мі­рі 13:200:010:230:19/А
    бір­лік
    1
    2
    Ауда­ны 0,7987 га жер учас­ке­сін­де ор­на­лас­қан қор­шау, ка­дастр­лық нө­мі­рі 13:200:010:230:19/II
    бір­лік
    1
    3
    0,7987 га жер учас­ке­сін­де ор­на­лас­қан тө­сем, ка­дастр­лық нө­мі­рі 13:200:010:230:19/I
    бір­лік
    1
    1
    2
    3
    4
    4
    8 порт­тың РОЕ ком­му­та­то­ры
    да­на
    4
    5
    Іш­кі IP ка­ме­ра­сы
    да­на
    22
    6
    Кө­ше IP ка­ме­ра­сы
    да­на
    9
    7
    PTZ ка­ме­ра­сы
    да­на
    1
    8
    CD 245 іш­кі күм­без­ді ка­ме­ра­сы
    да­на
    1
    9
    Бар­лық ауа рай­ы­на жа­рай­тын, күн­діз­гі/түн­гі 1/3 420 ТВЛ тү­сті бей­не­ка­ме­ра­сы
    да­на
    2
    10
    КРС 132 AV-Tech ка­ме­ра­сы
    да­на
    3
    11
    Ауа­бап­та­ғыш
    да­на
    1
    12
    Almacom ACH 018 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
    да­на
    1
    13
    Almacom ACH 09 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
    да­на
    3
    14
    ACH 09 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
    да­на
    7
    15
    ACH 12 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
    да­на
    13
    16
    ACH 18 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
    да­на
    4
    17
    ACH 24 H1 ауа­бап­та­ғы­шы
    да­на
    2
    18
    Күм­без­ді ка­ме­ра
    да­на
    4
    19
    Ар­найы цир­ку­ля­ци­я­лық сор­ғы
    да­на
    1
    20
    Sanivort 605A сор­ғы кә­різ стан­ци­я­сы
    да­на
    2
    21
    Тір­ке­уіш
    да­на
    1
    22
    CHIGO сплит-жүй­е­сі, 12-ші ALBA се­ри­я­сы, 36 ш.м (ауа­бап­та­ғыш)
    да­на
    1
    1
    2
    3
    4
    23
    Фан­та­зия FS-07H сплит-жүй­е­сі (ауа бап­та­ғыш)
    да­на
    1
    24
    Үш фа­за­лы көп та­риф­ті жиын­тық­та­ғы Да­ла элек­трон­дық есеп­те­гі­ші
    да­на
    1
    25
    Тур­ни­кет
    да­на
    1
    26
    Крон­штей­ні бар кө­ше ка­ме­ра­сы
    да­на
    9
    27
    COP DVR 162M цифр­лық бей­не­тір­ке­уі­ші, 16 ар­на­лы, 500 Gb (бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі)
    да­на
    1
    28
    Экс­тен­дер
    да­на
    1
    29
    Ка­би­нет­ке ар­нал­ған пер­де­лер (ші­л­тер пер­де)
    да­на
    1
    30
    Қа­был­дау бөл­ме­сіне ар­нал­ған пер­де­лер
    да­на
    1
    31
    Жа­лю­зи
    жиын­тық
    1
    32
    Ла­зер­лік прин­тер
    да­на
    1
    33
    Көп­функ­ци­о­нал­ды құ­ры­л­ғы (прин­тер)
    да­на
    1
    34
    B205NI мо­но­хром­ды көп­функ­ци­о­нал­ды құ­ры­л­ғы­сы
    А4 B205NI (2020) (прин­тер)
    да­на
    2
    35
    Ricoh LE SP C360DNw тү­сті прин­те­рі
    да­на
    1
    36
    XEROX B205NI мо­но­хром­ды көп­функ­ци­о­нал­ды құ­ры­л­ғы­сы (прин­тер)
    да­на
    2
    37
    Pantum P2500w прин­те­рі
    да­на
    11
    _______________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

    1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

    «Маңғыстау облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-12-жолмен толықтырылсын:

    «236-12. «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

    2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

    «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 408-1-жолмен толықтырылсын:

    «408-1. «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

    3. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

    Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

    1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «1-1) «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

    ___________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.