Нұра ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 2 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2023 ж.

    Нұра ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 2 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Нұра ауданы аумағында төтенше жағдайдың салдарының толығымен жойылуына байланысты аудан әкімінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 2 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188553 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Нұра ауданының әкімі

    Б. Муканов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.