Қостанай қаласы әкімдігінің «Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» 2022 жылғы 10 қазандағы № 2339 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қаңтар 2024 ж.

    Қостанай қаласы әкімдігінің «Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» 2022 жылғы 10 қазандағы № 2339 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай қаласы әкімдігінің «Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» 2022 жылғы 10 қазандағы № 2339 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

    2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    М. Жүндібаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.