Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығы;
2) «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 сәуірдегі № 854 Жарлығы.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Президенттің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы алып тасталсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.