«Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29404 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

    Е. Жамаубаев

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары - Қаржы министрі

    2024 жылғы 24 қаңтардағы

    № 34 Бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары –

    Қаржы министрінің

    2022 жылғы 31 тамыздағы

    № 903 бұйрығымен

    бекітілген

    Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

    Ата­уы
    1. Та­у­ар­лар
    1
    Кең­се та­у­ар­ла­ры
    2
    Ша­ру­а­шы­лық та­у­ар­ла­ры
    3
    Жуу құ­рал­да­ры
    4
    Азық-тү­лік та­ғам­да­ры
    5
    Дә­рі­лік заттар және ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар
    6
    Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры
    7
    Электр та­у­ар­ла­ры
    8
    Сан­тех­ни­ка­лық та­у­ар­лар
    9
    Қо­сал­қы бөл­шек­тер
    10
    Же­ңіл өнер­к­ә­сіп та­у­ар­ла­ры
    11
    Жи­һаз өні­мі
    2. Қыз­мет­тер
    1
    Кү­зет және өрт даб­ы­лы қыз­мет­те­рі
    2
    Ғи­ма­рат­қа тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­тер (үй-жай­лар­ды жи­нау және аумақ­ты абат­тан­ды­ру, жы­лы­ту жүй­е­ле­рін тығ­ы­здау және жуу, электр­мон­таж­дау және сан­тех­ни­ка­лық жұ­мыстар, ағаш ұста­сы көр­се­те­тін қыз­мет­тер)
    3
    По­ли­гра­фи­я­лық қыз­мет­тер
    3. Жұ­мыстар
    1
    Үй ма­ңын­да­ғы аумақ­тар­ды кү­тіп ұстау бой­ын­ша жұ­мыстар

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.