«Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қаңтар 2024 ж.

    «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақталған адамға куәлік беру қағидаларында:

    2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) ақталған адамға куәлік беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;»;

    3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Ақталған адамға куәлік беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ақталған адам өзі не өкілі арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып Мемлекеттік корпорацияға береді.

    4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауларын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтиды.

    5. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.

    6. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбағанда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Куәлік жоғалған және/немесе бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.»;

    11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

    12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.

    Тыңдау:

    - көрсетілетін қызметті алушыны тыңдауға шақыру, бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы;

    - ақпараттық жүйелерді пайдалану;

    - көрсетілетін қызметті алушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны береді немесе білдіреді.

    Тыңдау нәтижелері бойынша бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету (немесе көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

    13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келіп, жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде беріледі.»;

    17 және 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасайды.

    Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.

    Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    18. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

    Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

    мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:

    «20. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына, көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.»;

    Ақталған адамға куәлік беру қағидаларына 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    2024 жылғы 18 қаңтардағы

    № 6 бұйрығына

    1-қосымша

    Ақталған адамға куәлік

    беру қағидаларына

    2-қосымша

    «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
    Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция)
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    1) ку­ә­лік (ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын) бе­ру – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді;
    2) құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут;
    3) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 20 ми­нут.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің 2022 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 78 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 26976 бо­лып тір­кел­ген) 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес бе­кі­ті­л­ген үл­гі бой­ын­ша ку­ә­лік­ті неме­се оның тел­нұс­қа­сын бе­ру
    6
    Мем­ле­ке­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын төлем­нің мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да олар­ды алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге өті­ніш­тер мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Қа­был­дау «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бін­де, же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар:
    1) же­ке ку­ә­лік неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    2) ақ­тау ту­ра­лы анық­та­ма не заң­ды кү­шіне ен­ген сот ак­ті­сі­нің кө­шір­ме­сі;
    3) өкі­лі ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де – оның өкі­лет­тікте­рін рас­тай­тын но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған құ­жат.
    Са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін заң­ды кү­шіне ен­ген сот ак­ті­сі­нің кө­шір­ме­сін қо­с­па­ған­да, құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­ла­ры ұсы­ны­ла­ды, со­дан кей­ін құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­ла­ры қай­та­ры­ла­ды.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 8-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі негіз­де­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    1. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен ста­ту­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    3. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді.
    Субъ­ект мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­тор­лан­ды­ру­дан өте­ді, бұ­дан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды.

    2024 жылғы 18 қаңтардағы

    № 6 бұйрығына

    2-қосымша

    Ақталған адамға куәлік

    беру қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының № ____ филиалы (мекенжайын көрсету) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын, сонымен қатар қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуға байланысты «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, оның ішінде:

    жоқ құжаттардың атауы:

    1) ______________________________;

    2) ______________________________.

    Осы қолхат 2 (екі) данада жасалған, әрбір тарапқа бір-бірден

    _______________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолы)

    Телефон (бар болса) __________________

    Қабылдады: 20__ жылғы «___» ____________

    _______________________________________________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.