Нұсқаның өзектілігі
Қолданыстағы
Ескелді аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы «Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 31-107 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы «Ескелді ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 31-107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 169739 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы
К. Сатанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.