«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қаңтар 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.»;

    3 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады.

    3-1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.».

    2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы хабардар етсін.

    3. Осы қаулының қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, осы қаулы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.