2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 желтоқсан 2025 ж.

    2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы

    «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған 2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

    2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

    1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

    2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

    3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақтар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды;

    2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    3) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне және «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына орындау үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Басшы

    М. Тұрлыбаев

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика

    бюросы басшысының

    2024 жылғы « » қаңтардағы

    № ___ бұйрығына

    қосымша

    2025 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары

    р/с
    Іс-ша­ра­лар
    Аяқ­тау ны­са­ны
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар
    Орын­дау мер­зі­мі
    Қар­жы­лан­ды­ру кө­ле­мі
    (мың тең­ге)
    Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1.
    2025 жы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гізу­ге жәр­дем­де­су жө­нін­де өңір­лік ко­мис­си­я­лар құ­ру
    әкім­дер өкі­мі
    об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар мен аста­на әкім­дік­те­рі
    2024 жы­л­ғы
    I тоқ­сан
    -
    та­лап етіл­мей­ді
    2.
    Санақ парақтарын, 2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлеу және бекіту
    СЖРА ҰСБ бұйрығы
    СЖРА ҰСБ, АШМ, ЦДИАӨМ,
    облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері
    2024 жылғы ІІ тоқсан (пилоттық ауыл шаруашылығы санағы үшін)
    2025 жылғы
    I тоқсан
    -
    талап етілмейді
    3.
    Жүк­те­ме нор­ма­ла­рын ай­қын­дау үшін ин­тер­вью­ер­лер орын­дай­тын, ре­спон­дент­тер­ге са­у­ал са­лу бой­ын­ша хро­но­мет­раж жұ­мыста­рын жүр­гі­зу
    СЖ­РА ҰСБ
    бұй­ры­ғы
    СЖ­РА ҰСБ, Ең­бек­ми­ні
    2024 жы­л­ғы
    I тоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    4.
    Ме­диа-жос­пар­ды әзір­леу және бе­кі­ту
    СЖ­РА ҰСБ
    бұй­ры­ғы
    СЖ­РА ҰСБ, МАМ
    2024 жы­л­ғы
    I тоқ­сан
    -
    та­лап етіл­мей­ді
    5.
    Ме­диа-жос­пар­ды іс­ке асы­ру: ре­спон­дент­тер (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­лер, ШФҚ, ДК және ЖҚШ) ара­сын­да 2025 жы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу тәр­ті­бі мен мақ­сат­та­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­тық-тү­сін­ді­ру жұ­мыста­рын жүр­гі­зу
    ро­лик­тер, бан­нер­лер, жар­на­ма және бас­қа
    СЖ­РА ҰСБ, МАМ, об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның әкiм­дiк­терi
    2024 жы­л­ғы
    I тоқ­сан – 2025 жы­л­ғы
    IV тоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    6.
    План­шет­тер­ді, ав­то­мо­биль­дер­ді, өзге де та­у­ар­лар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді са­тып алу
    та­у­ар­лар­ды қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі
    СЖ­РА ҰСБ
    2024 жы­л­ғы
    I тоқ­сан – 2025 жы­л­ғы IV тоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    7.
    2025 жы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын­да пай­да­ла­ну үшін АШМ және бас­қа мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­нің дай­ынды­ғын тал­дау
    ақ­па­рат
    СЖ­РА ҰСБ, АШМ,
    ЦДИА­ӨМ және бас­қа ти­іс­ті МО
    2024 жы­л­ғы
    I тоқ­сан
    -
    та­лап етіл­мей­ді
    8.
    Бау-бақ­ша және (неме­се) са­я­жай бір­ле­стікте­рі­нің (жай се­рік­те­стіктер, ко­опе­ра­тив­тер және та­ғы бас­қа­лар (бұ­дан әрі – бір­ле­стіктер)) ті­зі­мін қа­лып­та­сты­ру бой­ын­ша жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу:
    әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген бір­ле­стіктер­ді өзек­ті­лен­ді­ру;
    есеп­ке алын­ба­ған (әді­лет ор­ган­да­рын­да тір­кел­ме­ген) бір­ле­стіктер­ді анық­тау;
    бір­ле­стіктің ата­уын, бір­ле­стікке кі­ре­тін жер учас­ке­сі­нің ме­кен­жай­ын, ка­дастр­лық нө­мі­рін және ие­сі­нің ТАӘ, жер учас­ке­сі­нің ала­ңын көр­се­те оты­рып, бір­ле­стіктер­дің нақ­ты­лан­ған ті­зім­де­рін жа­сау.
    СЖ­РА ҰСБ
    АБ-ға ақ­па­рат
    об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар мен аста­на әкім­дік­те­рі және бас­қа ти­іс­ті МО
    2024 жы­л­ғы
    I – ІI тоқ­сан
    -
    та­лап етіл­мей­ді
    9.
    МЖТ АЖ-да әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тер­дің тіз­бе­сі мен ше­ка­ра­ла­рын, кө­ше­лер­дің ата­уын, үй­лер­дің нө­мір­ле­ну­ін өзек­ті­лен­ді­ру және нақ­ты­лау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу.
    СЖ­РА ҰСБ-ға
    ақ­па­рат
    об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар мен аста­на әкім­дік­те­рі, ЦДИА­ӨМ
    2024 жы­л­ғы
    IІ тоқ­сан,
    2025 жы­л­ғы
    I тоқ­сан,
    -
    та­лап етіл­мей­ді
    10.
    Пи­лот­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу
    СЖ­РА ҰСБ және АБ бұй­рық­та­ры
    СЖ­РА ҰСБ, АШМ об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар мен аста­на әкім­дік­те­рі
    2024­жы­л­ғы
    III тоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    11.
    2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуді және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде әкімшілік деректерге көшуді ескере отырып, «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту
    сынақ актісі
    СЖРА ҰСБ,
    АЕО РМК, АШМ, ЦДИАӨМ, ЭТПМ, СРИМ және басқа тиісті МО
    2024 жылғы
    ІІI тоқсан – 2026 жылғы IІ тоқсан
    2024 жылғы
    ІІI, IV тоқсан – Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шегінде
    2025 жылғы І тоқсан – 2026 жылғы ІІ тоқсан –
    002 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы 101 «Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу» кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен
    республикалық бюджеттен
    12.
    2025 жы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу ке­зін­де ақ­па­рат­тық ре­сурс ре­т­ін­де пай­да­ла­ну үшін мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін (ЖМ­БМК АЖ, АШЖБ АЖ, АТМТ БАБЖ АЖ және бас­қа­лар­ды) пы­сық­тау және бар кем­ші­лік­тер­ді жою. Олар­дың ЗТ МДҚ, ЖТ МДҚ, Қар­жы­ми­ні МКК, МЖТ АЖ, «е-Ста­ти­сти­ка» ИАЖ-мен то­лық ин­те­гра­ци­я­сын қам­та­ма­сыз ету.
    СЖ­РА ҰСБ-ға
    ақ­па­рат
    СЖ­РА ҰСБ, АШМ, Қар­жы­ми­ні, ЦДИА­ӨМ, ЭТРМ, СРИМ, КЕ АҚ және бас­қа ти­іс­ті МО
    2024 жы­л­ғы
    І-ІV тоқ­сан
    бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    13.
    Мы­на­лар­ды:
    1) 2025 жы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу үшін ел­ді ме­кен­дер мен ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер бой­ын­ша цифр­лан­дыр­лы­ған кар­то­гра­фи­ка­лық ма­те­ри­ал­дар­ды (ел­ді ме­кен­дер­дің кар­та­ла­ры мен схе­ма­лық жос­пар­ла­ры) (ГАЖ);
    2) 2025 жы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу ке­зе­ңін­де ба­стап­қы ста­ти­сти­ка­лық де­ректер­ді тек­се­ру үшін ға­ры­штық мо­ни­то­ринг де­ректе­рін (же­ке­ле­ген да­қыл­дар бө­лі­ні­сін­де егі­стік ал­қап­та­ры және бас­қа да де­ректер) ұсы­ну
    СЖ­РА ҰСБ-ға
    ақ­па­рат,
    цифр­лан­дыр­лы­ған кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­дар,
    кесте­лер
    ЦДИА­ӨМ, АШМ
    2024 жы­л­ғы
    I-II тоқ­сан
    2025 жы­л­ғы
    II-III тоқ­сан
    бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    14.
    Кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды (ел­ді ме­кен­дер­дің кар­та­ла­ры мен схе­ма­лық жос­пар­ла­рын) жа­сау, бе­кі­ту және СЖ­РА ҰСБ-ға ұсы­ну
    бе­кі­ті­л­ген кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­дар
    об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның әкiм­дiк­терi, АШМ, ЦДИА­ӨМ, ҰГ­КАО
    2024 жы­л­ғы
    IV тоқ­сан
    -
    та­лап етіл­мей­ді
    15.
    Мыналарды:
    1) картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталары мен схемалық жоспарлары);
    2) санақ құралдарын (анықтамаларды, түсіндірмелерді, санақ персоналының куәліктерін және басқаларды) тираждау
    орындалған жұмыстар актісі
    СЖРА ҰСБ
    2025 жылғы
    I-IІ тоқсан
    002 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы 101 «Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу» кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
    республикалық бюджет
    16.
    Ұлт­тық са­нақ­тар­ды жүр­гі­зу бой­ын­ша нұс­қа­у­шы­лар­ды ірік­теу, жұ­мысқа қа­был­дау және оқы­ту (ең­бек шар­ты бой­ын­ша)
    СЖ­РА ҰСБ-ға
    есеп
    СЖ­РА ҰСБ АБ,
    СЖ­РА ҰСБ
    2025 жы­л­ғы
    I-II тоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    17.
    Са­нақ пер­со­на­лын ірік­теу, жұ­мысқа қа­был­дау және оқы­ту (ал­дын ала және негіз­гі ара­лау үшін, ӨҚКШ бой­ын­ша ин­тер­вью­ер­лер мен нұс­қа­у­шы-ба­қы­ла­у­шы­лар)
    СЖ­РА ҰСБ-ға
    есеп
    СЖ­РА ҰСБ АБ, об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның әкiм­дiк­терi
    2025 жы­л­ғы
    II-III тоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    18.
    Ал­дын ала ара­лау де­ректе­рін ес­ке­ре оты­рып, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғы субъ­ек­ті­ле­рі­нің нақ­ты­лан­ған ті­зім­де­рін жа­сау (қа­ла­лық және ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер үшін) және ел­дің ау­ма­ғын са­нақ­тық аудан­да­сты­ру (ал­дын ала) жүр­гі­зу
    СЖ­РА ҰСБ-ға
    ақ­па­рат
    СЖ­РА ҰСБ АБ,
    об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның әкiм­дiк­терi
    2025 жы­л­ғы
    II тоқ­сан
    -
    та­лап етіл­мей­ді
    19.
    2025 жы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­дың ұй­ым­да­сты­ру жос­пар­ла­рын әзір­леу және бе­кі­ту
    СЖ­РА ҰСБ АБ бұй­рық­та­ры
    СЖ­РА ҰСБ АБ,
    об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның әкiм­дiк­терi
    2025 жы­л­ғы
    II-III тоқ­сан
    -
    та­лап етіл­мей­ді
    20.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы кә­сі­по­рын­да­ры­на, ша­руа, фер­мер қо­жа­лық­та­ры­на, да­ра кә­сіп­кер­лер мен же­ке тұ­лға­лар­ға (же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тар, са­я­жай учас­ке­ле­рі­нің ие­ле­рі) Ин­тер­нет же­лі­сі ар­қы­лы са­у­ал са­лу жүр­гі­зу және ин­тер­вью­ер­лер­дің план­шет­тер ар­қы­лы са­у­ал са­лу жүр­гі­зуі
    2025 жы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғы­ның ба­стап­қы ста­ти­сти­ка­лық де­ректе­рі­нің де­рекқо­рын қа­лып­та­сты­ру
    СЖ­РА ҰСБ, об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның әкiм­дiк­терi
    2025 жы­л­ғы
    III-IVтоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    21.
    2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағының бақылап аралауын жүргізу
    СЖРА ҰСБ-ға ақпарат
    СЖРА ҰСБ АБ
    2025 жылғы
    ІІІ-IV тоқсан
    002 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы 101 «Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын жүргізу» кіші бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
    республикалық бюджет
    22.
    2025 жы­л­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғы­ның де­рекқор­ла­рын өң­деу
    шы­ғыс кесте­ле­рін қа­лып­та­сты­ру
    СЖ­РА ҰСБ, АЕО РМК
    2025 жы­л­ғы
    IV тоқ­сан -
    2026 жы­л­ғы
    IV тоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    23.
    2025 жы­л­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғы­ның қо­ры­тын­ды­ла­рын қа­лып­та­сты­ру және жа­ри­я­лау:
    1) қы­сқа­ша ал­дын ала қо­ры­тын­ды­лар
    2) түп­кі­лік­ті ег­жей-тег­жей­лі қо­ры­тын­ды­лар
    ста­ти­сти­ка­лық жа­ри­я­ла­ным­дар
    СЖ­РА ҰСБ
    1)2025 жы­л­ғы
    жел­тоқ­сан – 2026 жы­л­ғы қаң­тар
    2)2026 жы­л­ғы III- IV тоқ­сан
    002 «Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету» бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы 101 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық ха­лық са­на­ғын және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы са­на­ғын жүр­гі­зу» кі­ші бағ­дар­ла­ма­сы шең­бе­рін­де бө­лін­ген қа­ра­жат ше­гін­де
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
    АШМ
    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
    Еңбекмині
    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі;
    Қаржымині
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
    Қаржымині МКК
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
    МАМ
    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
    СЖРА
    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;
    СЖРА ҰСБ
    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;
    СЖРА ҰСБ АБ
    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері;
    АЕО РМК
    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
    СРИМ
    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі;
    ЦДИАӨМ
    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
    КЕ АҚ
    «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
    ҰГКАО
    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
    ЭТРМ
    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
    АШЖБ АЖ
    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесі;
    АТМТ БАБЖ АЖ
    Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі ақпараттық жүйесі;
    ГАЖ
    Геоақпараттық жүйе;
    ДК
    Дара кәсіпкер;
    ЖҚШ
    Жеке қосалқы шаруашылық;
    ЖТ МДБ
    «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;
    ЖМБМК АЖ
    Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесі;
    ЗТ МДБ
    «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры;
    МЖТ АЖ
    «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;
    ӨҚКШ
    Өтеулі қызметтер көрсету шарты;
    ШФҚ
    Шаруа-фермерлік қожалық.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.