Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қаңтар 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

    ​ Қазақстан Республикасының Премьер-Министр​і

    Ә. Смайылов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2024 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 366 қаулысы.

    2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 22-тармағы.

    3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1286 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

    ___________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.